27 Тамыз 2014, 13:13
1. Эмоциаларды басқарыңыз
Ешкімге эмоционалды тұрақсыз адамдар ұнамайды. Басқа адамдардың көңілін құрту керек емес. Қоршаған адамдарға дауыс көтеріп, жамандық келтірмеуге тырысу керек. Сыртқа көбірек позитив беріңіз, сонда өзіңіз де жақсы боласыз.
2. Дене саулығына көңіл бөлу
Тиімді тамақтанып, спортпен айналысу керек. Денені жақсы формада ұстау керек. Өмірде денсаулық бірақ рет беріледі. Бір рет құртып алса, қалпына келмейді.
3. Кешірім сұрай білу керек
Жіберілген қателіктерді мойындай білген жөн. Қаншалықты қиын болса да, кешірім сұраудан ұялмау керек. Сонда басқа адамдар көзінше сыйлы боласын. Себебі, өтірік айтатын адамдар ешкімге ұнамайды.
4. Кешірімшіл болу
Басқа адамдар да қателеседі. Жамандық істеген адамдарды кешіру керек. Ол таптырмас қасиет. Кекті ұмытып, алдыға қарай жылжу міндет.
5. Жалғыздықты бағалай білу керек
Уақытты жеке өткізгенде адам көп нәрсені түсінеді. Өзін-өзі тануға таптырмас уақыт. Бұны бағалау керек.
6. Ұстанымдарды қайта қарау
Өмір тез қарқынмен өзгеріп жатыр. 10 жыл бұрын маңызды болған құндылықтар қазір бағалы болмауы мүмкін. Жылда құндылықтарды қайта ойлауға арнайы уақыт бөлу керек.
7. Эмоциялық жүктен арыл
Егерде бір нәрсе іштей ұстап тұрса, одан құтылудың жолын іздеу керек. Уақыт – бағалы ресурс. Оны бостан бос құртуға болмайды.
8. Адамдарды зерттеу
Басқа адамдар туралы жаңа нәрселерді білуге талпын. Өмірде кезіктірген барлық адамдардан сабақ алуға болады. Әркімнің өзіндік өмірлік тәжірибесі бар. Ол тәжірибе сіз үшін маңызды болуы мүмкін.
9. Қарым-қатынасты дамыту
Қарым-қатынастар дамып отыру керек. Жаңа деңгейге көтеріп отыр. Осы үрдісті әдетке айналдыр.
10. Адамды шынайы жақсы көру керек
Тәжірибе беріп, эмоционалдық тұрақтылық орнатуға мүмкіндік береді.
11. Ашық теңізге саяхатқа шық
Үш күн, мейлі ол бір күн болса да алып су айдынында саяхаттап қайту керек.
12. Жаңа нәрсе үйрену
Білім көкжиегін кеңейт. Күнделікті түрде жаңа қабілеттер үйрен. Білімнен сусында. Сонымен қатар көп кітап оқы.
13. Саяхатта
Іштен шыққан дауыс адамды жаңа әлемдерді ашуға итермелейді. Осы дауыстың артынан жүру керек. Саясах адамға ең көп тәжірибе беретін дүние. Әлемді жаңадан ашып, оны зерттеу керек.
14. Тұрғылықты жерден басқа мекенде тұру
Ондай тәжірибені де бастан өткіп көру керек. Ол адамның жаңа қырынан ашылуына септігін тигізеді. Білім көкжиегін кеңейтеді. Өмірге деген қызығушылықты арттырады.