26 Наурыз 2014, 08:46
......... жылы ........... институтының ............... факультетіне күндізгі бөлімге түстім |
- в .......... году поступил(а) в .................. институт на факультет ......................... дневное отделение |
............ жылы жұмысқа тұрдым |
- в .......... году устроилась на работу |
............. жылы ........... қаласындағы (облысындағы, ауданындағы, ауылындағы), № .......... орта мектепке бардым |
- в ........... году пошел (а) в среднюю школу № ......... города (области, района, села) ............... . |
.............. жылы басқа жұмысқа ауыстым |
- в ......... году перевелся (ась) на другую работу |
.................. ................ бөлімінде инженер болып қызмет істейді |
работает инженером отдела .............. ................................... |
Құрмет грамотасымен марапатталды |
- награжден(а) Почетной грамотой |
қызметші отбасында дүниеге келдім |
- родился (ась) в семье служащих |
қызым – ................. ................. № ........ мектептің 6 сынып оқушысы |
- дочь ............ ................. ученица 6 класса школы № .......... |
Мақтау қағазымен марапатталдым |
- награжден(а) Похвальной грамотой |
машинист қызметіне жіберілдім |
- был(а) направлен(а) на работу машинистки |
мемлекеттік марапаттарым бар |
- имею государственные награды |
Мемлекеттік сыйлық алдым |
- получил(а) Государственную премию |
Мен ..........., .......... жылы, .................... қаласында (облысында, ауданында, ауылында) дүниеге келдім |
- Я, ..................., родился (ась) .............. года, в городе (области, районе, селе) ................, ..................... . |
менің мекенжайым |
- мой адрес |
орта мектепті ............... жылы бітірдім |
- закончил(а) среднюю школу в .......... году |
отбасылық жағдайы |
- семейное положение |
сырттай бөлімге түстім |
- поступил(а) в заочное отделение |
тапсырмаларды табысты орындағаным үшін |
- за успешное выполнение заданий |
тұрмыс құрғанмын |
замужем |
тұрмыс құрмағанмын |
не замужем |
училищені бітіргеннен кейін |
по окончании училища |
ұлым – ............... ............. № ........ мектептің 3 сынып оқушысы |
сын .............. ................... ученик 3 класса школы № ........ |
үйленбегенмін |
не женат |
үйленгенмін |
женат |
Үлгі 1.
Өмірбаян
Мен, Сәдуақасова Мәриям Мұратқызы, 1980 жылы 29 мамырда Ақмола облысы, Айыртау ауданы, Қаратал ауылында тудым. Әкем – Сәдуақасов Ерден, орта мектеп мұғалімі, анам – Сәдуақасова Аягөз, балабақшада бухгалтер болып жұмыс істейді.
1997 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университетінің экономикалық факультетіне оқуға түстім. 2001 жылы университетті аяқтаған соң «Лайф» шетелдік компаниясында экономист болып жұмыс істедім. 2004 жылдан ақпараттық-технологиялық бөлімнің жетекші маманы, 2006 жылдан осы бөлімнің басқарушысы болып істедім. 2007 жылы «Мир» атты халықаралық жобамды қорғадым.
Тұрмыс құрғанмын. Жұбайым – Қыпшақбаев Ермек Жұманазарұлы. 1976 жылы туған, «Алтын» акционерлік-коммерциялық бірлестік бөлімін басқарады. Мектеп жасына жетпеген екі балам бар: ұлым – Қыпшақбаев Ернұр Ермекұлы, қызым – Қыпшақбаева Нұргүл Ермекқызы.
Мекенжайым: Астана қаласы, Бейсекбаев көшесі, 57-үй, 14-пәтер.
Үлгі 2.
Өмірбаян
Алмас Ажар Алматқызы 1970 жылы 22 ақпанда Қарағанды облысында туған. 1992 жылы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді.
1992 жылы Оқу министрлігінің жолдамасымен Шымкент педагогикалық институтына жіберілді. 1994-1996 жылдары осы институттың қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, 1996 жылдан аға оқытушы. 1997 жылы «Мағжан Жұмабаевтың романтизмі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Осы жылдан бастап аталған институттың доценті. 1998-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғалымдар академиясының жас дарынды ғалымдарға берілетін сыйлығының иегері. 2003-2009 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ тіл білімінің аға оқытушысы.
2010-2012 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары.
Бірнеше мультимедиалық оқу бағдарламасының және оқу құралдарының, жетпіске жуық ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.
Отбасылы. Екі баланың анасы.
Үлгі 3.
Өмірбаян
Мен, Попова Ольга Владимировна 1961 жылы 2 сәуірде Қарағанды облысы, Сарань қаласында дүниеге келдім.
1968 - 1978 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Сарань қаласының №7 орта мектебінде оқыдым.
1978-1983 жылдар аралығында Карағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыдым.
1983 жылы Карағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, филолог – оқытушы мамандығы бойынша диплом алдым.
1983 жылғы 15 тамыздан Қарағанды облысы, Сарань қаласының №7 орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа тұрдым.
1984 жылдың мамар айында тұрмысқа шығып, Қарағанды облысы, Теміртау қаласына тұрақты мекен орныма көшіп келдім.
1984 жылғы 1 сәуірден Қарағанды облысы, Теміртау қаласының № 1 орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа тұрдым.
1985 жылғы 1 қыркүйектен № 18 СПТУ-ға оқу бөлімінің меңгерушісі ретінде жұмысқа ауыстым, осы жерде 3 жыл жұмыс істедім.
1988 жылғы қыркүйектен № 17 орта мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа ауыстым.
1994 жылғы 1 қыркүйектен № 17 орта мектебінің директордың оқу – тәрбие жөніндегі орынбасары қызметке тағайындалдым.
2001 жылғы 15 қарашадан қазіргі уақытта өзім жұмыс істейтін, №17 орта мектебінің директоры болып тағайындалдым.
Отбасы жағдайы: тұрмыстамын.
Жұбайым: Попов Владимир Николаевич, 1961 жылы туған, «Миталл Стилда» жұмыс істейді.
Ұлым: Попов Александр Владимирович, 1985 жылы туған, Уралдомноремонтта жұмыс істейді.
Отан партиясының мүшесімін.
Марапаттар: Облыстық білім департаментінің грамотасы.
Мекенжайым; Темиртау қаласы, Металлургтер даңғылы, 45-16,
Үй телефоны: 99-29-13
Үлгі 4.
Өмірбаян
Мен, Асқаров Нұрлан Әділбекұлы, 1981 жылы 5 мамырда Алматы қаласы Бостандық ауданында туылдым. Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.
1987-1997 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №15 орыс орта мектебін үздік бітірдім.
1997 жылы Алматы қаласының әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң және құқықтану факультетіне оқуға түстім.
2002 жылы заңгер мамандығы бойынша үздік бітіріп, сол жылы ҚазМҰУ-дың магистратурасына түсіп, 2004 жылы тәмамдадым.
2004 жылдан бастап Астана қаласы Қаржы департаментінде заңгер болып қызмет атқарамын.
Отбасым бар: жұбайым – Асқарова Жазира Дүйсенқызы, 1986 жылғы, Астана қаласы Денсаулық сақтау департаментінде жұмыс істейді. Бір балам бар, ол «Гүлдәурен» балабақшасына барады.
Әскери қызметке міндеттімін. Майор атағым бар.
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білемін, компьютерді толық меңгергенмін.
Мекенжайым: Астана қаласы, «Самал» шағын ауданы, 37-үй, 50-пәтер.
«Құжаттама», Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы дайындаған