Астанадағы Министрліктер үйінің маңында жол апаты болды. Жолдан өтіп бара жатқан ер адамды көлік қағып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған. Кадрдан адамның шалқасынан жатқанын көруге болады.
Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына жедел жәрдем қызметі аттанған. Зардап шеккен адамның жағдайы әзірге белгісіз.