Министрлік мұғалімдердің еңбек демалысының төлемдеріне қатысты түсініктеме берді

22 Маусым 2022, 22:52 1620

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев еңбек демалысы төлемдерін төлеуге қатысты түсініктеме берді.

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев еңбек демалысы төлемдерін төлеуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды EL.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Маусым айының басынан бастап әкімдіктер педагогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысы ақысын уақытылы аударды. Өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысы ақысы толық төленген. Еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен (әкімдіктер) төленетінін еске сала кетейік. Сонымен қатар талдау барысында министрлік бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақытылы аударылмағанын тіркеді. Мұның басты себебі - қаражаттың жетіспеушілігінен емес, керісінше жергілікті деңгейдегі жұмыстар мен рәсім мәселелеріне байланысты болып отыр - делінген түсініктемеде

Бұл мәселелер толығымен жергілікті білім басқармаларының құзыретіне жатады. 

Сондықтан мұндай мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарап, кейбір мәселелердің қай мемлекеттік органдардың құзырында екенін ескеруді сұраймыз. Мәселе министрліктің бақылауында тұр. Әкімдіктердің мәліметінше, төлем мәселесі бір апта ішінде шешіледі. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департаменттер білім беру саласы қызметкерлеріне ай сайынғы еңбекақыны уақытылы төлеуін бақылауды жалғастырады - деді вице-министр.


EL.KZ
Бөлісу: