Министрлік журналист Диана Сапарқызына жасалған шабуыл туралы пікір білдірді

24 Тамыз 2023, 11:50 1041

Ақпарат және даму министрлігі өкілдері "ҚазТаг" журналисі Диана Сапарқызына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

"ҚазТаг" агенттігінің журналисі Диана Сапарқызына Қарағанды ​​облысындағы "Қазақстан" шахтасындағы оқиғаны түсірмек болған кезде шабуыл жасалған.

"Ер адам маған шабуыл жасап, телефонымды тартып алды, кейбір файлдарды өшіріп үлгерді", - деді Сапарқызы "ҚазТАГ" агенттігіне.

Министрлік бұндай оқиғаларды назарда ұстайтынын атап өтті.

Қарағандыдағы «КазТАГ» тілшісі Диана Сапарқызына қатысты жағдайдан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабардар. Министрлік журналистің қызметіне кедергі келтіру әрекетін құптамайды. Елімізде сөз еркіндігіне шектеу қойылмайды және министрлік бұндай оқиғаларды назарда ұстайды, - делінген ақпаратта.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: