Министрлік жұмыссыз азаматтарды су тасыған аймақтарда үй салуға шақырды

13 Мамыр, 13:51 574

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жұмыссыз азаматтарды су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына жұмысқа орналастыру бойынша жобасына бастама жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Бірге салайық!» жобасы шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу жөніндегі арнайы платформа әзірледі. Бұл Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болады, осында жұмысқа орналасуға және өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге ниет білдірген кез келген адам бос орындармен танысып, өзіне ұнаған кез келгеніне ынта білдіріп, әңгімелесуден өте алады. Қазіргі уақытта платформада 42 бос жұмыс орны бар.

Бұл жобаның маңыздылығы сол, біз жұмыс табуға және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге қатысуға ниет білдірген әрбір адамды жедел жұмысқа орналастыру үшін цифрлық ортаны қамтамасыз етеміз. Қазіргі уақытта біз жұмыс берушілер базасын және бос жұмыс орындарын толықтырумен айналысудамыз. Өңірлер үшін кім-кімнің де қатысуы өте маңызды, өйткені, қазір білікті мамандар да, бейінді білімі жоқ мамандар да қажет екенін айта кету керек, – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды жобаға қатысуға және зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге өз үлестерін қосуға шақырады!

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары мен инфрақұрылымы зардап шекті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: