Министрлік жаңа партия тіркелгені туралы ақпаратты жоққа шығарды

19 Желтоқсан 2022, 15:53 977

Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті

«Respublica» саяси партиясы әлі ресми тіркеуден өткен жоқ, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында «Respublica» партиясын тіркеу туралы ақпарат пайда болды. ҚР Әділет министрлігі 24 қарашада «Respublica» саяси партиясын құру ниеті туралы хабарламаның келіп түскені туралы растау ғана берілгенін нақтылайды. 3 желтоқсанда «Respublica» саяси партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылтай съезін өткізді, тіркеуге құжаттар келіп түседі деп күтеміз. Әділет министрлігі БАҚ өкілдерінен нақтыланбаған ақпарат үшін кешірім сұрайды», - деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бүгін Әділет министрі Қанат Мусин Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалын жауап бере келе «Respublica» саяси партиясының ресми тіркелгенін айтқан болатын.

EL.KZ
Бөлісу: