Министрлік Талғарда дәрігерлердің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді

20 Қыркүйек 2023, 11:35 663

Денсаулық сақтау министрлігі Талғар аудандық орталық ауруханасында дәрігерлердің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Министрлік шабуыл жасаған адамдарды қатаң жазалауды талап етті.

Осы құқыққа қайшы әрекеттерге құқық қорғау органдарының тарапынан сәйкес  баға берілуі, шабуыл жасаған адамдар заңның барлық талаптары бойынша жазалануы тиіс. Дәрігерлерге жасалған мұндай қаскүнемдік шабуылдар, ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қызметіне араласуға мүлдем жол берілмейді және адамгершілікке жатпайды, – деп мәлімдеді министрлік өкілдері. 

Медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау, қауіпсіздік және мәртебесін нығайтуға қатысты бастама көтерілгенін атап өтті.

Басым міндет – зардап шеккен дәрігердің және басқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, барлық күш-жігерді зардап шеккен медицина қызметкерлерінің өмірі үшін күреске бағыттау, ал медициналық ұйым басқа шұғыл пациенттерге көмек көрсету үшін қауіпсіз жағдай жасау болып табылады. Әріптестеріміздің тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз!Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылып, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау, қауіпсіздік және мәртебесін нығайту бастамасын көтереді. Заңнамаға енгізілген өзгерістер Парламент Мәжілісінде қаралады және жақын арада бекітіледі деп үміттенеміз, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Талғарда әкесінің өмірден өткені туралы қайғылы хабарды естігеннен марқұмның ұлдары қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәліктің ресімделуін күтпестен, реанимация бөліміне баса-көктеп кірген, реанимация бөлімінің дәрігері мен меджігітті ұрып-соғып, марқұмның денесін ұрлап, оны орталық аурухананың аумағынан медициналық каталкаға салып алып кеткен.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: