Министрлік қызметкерлерінің қазақ тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеу өтті

30 Қазан 2023, 05:32 706

Тестілеуге Әділет министрлігінің 53 қызметкері қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әділет министрлігі Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Министрліктің қызметкерлері арасында «Қазтест» жүйесі арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу өткізді.  

Тестілеуге Министрліктің 53 қызметкері қатысты. Тест тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым және оқылым бойынша тапсырмаларды қамтыды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: