Министрлік Қазақстанға әкелініп жатқан танымал корей жүзімдерін тексереді

18 Қараша, 14:47 568

Желіде қазақстандықтар арасында “шайн мускат” жүзімі қызу талқыға түсіп жатыр. Аталған жеміс-жидекке қатысты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналистер Ауыл шаруашылығы министрінен корей жүзімінің зияны туралы сұрады. 

Өнімдер елге келгенде, біз оларды стандартқа сай ма білу үшін барлық сертификатын қараймыз. Олар міндетті түрде біздің сынамадан өтіп, зертханаға жіберіледі. Егер сізде сұрақтар болып жатса, оны қайтадан тексерейік. Өтініш жазыңыз, біз тексереміз. Нәтижесін айтамыз, - деді министр Айдарбек Сапаров.

Министр бұл жемісті өзі жеп көрмегенін мойындады.

Жоқ, оны әлі сынап көрген жоқпын. Бұл жүзімдерін тексеріп көрейік. Шекарадан өткен болса құжаттары, анықтамалары бар деп ойлаймын. Егер жасырын жеткізілсе, басқа мәселе. Бүгін комитет төрағасына тапсырма беремін. Ол үлгісін алып, тексеріп көрсін, – деп сендірді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: