Министр утильалымға қатысты шешімді жариялады

19 Шілде, 17:15 922

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың утильалымы мен алғашқы тіркеуге қарсы петицияға қатысты мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арнайы жұмыс тобын құрып, утиль алымы мен алғашқы тіркеуге қатысты петицияны қарастырды.

Петицияны қарау барысында барлық заңнамалық талаптар сақталды.

Ашық қоғамдық талқылау нәтижесінде, петиция талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды, - деді министр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: