Министр Шарлапаев «Zijin Mining» компаниясының өкілдерімен кездесті

3 Қараша, 02:22 624

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Zijin Mining»компаниясының халықаралық істер жөніндегі бірінші бас директоры Ляо Цзяншэнмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Zijin Mining» бүкіл әлем бойынша алтынкүмісмыс және басқа да минералды ресурстарды барлауғаөндіругеөңдеуге және сатуға маманданған және Қытайдың екінші ірі трансұлттық алтын өндіруші конгломераты болып табылады.

Қарастырылып отырған жобалар шеңберінде компания түсті және бағалы металдар концентраттарын өндіру үшін байыту фабрикасын салуды жоспарлап отырсодан кейін олар металдарды балқыту үшін Қазақстан Республикасының металлургия зауыттарына жіберілетін болады. Бұдан басқакомпания жаңа учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ниеттібұл Қазақстанның минералдық-шикізат базасын ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Тараптар жоғарыда аталған жобаларды одан әрі пысықтау мен дамытудағы өзара қызығушылықты атап өттіӨз кезегінде министр бірлескен ынтымақтастыққа толық дайын екендігіне және Қазақстан Республикасының шетелдік бизнес қауымдастықтар үшін инвестициялық тартымдылығына тоқталды,-делінген министрлік мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: