Министр Ресей Қазақстанды тағы да қантпен қамтамасыз ететінін айтты

10 Мамыр, 13:02 577

Қазақстан импортына тәуелді азық-түліктің қатарында қант та бар. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, елімізде жалпы қанттың қажеттілігі жылына – 550 мың тонна.

Бізде бүгінгі күні 90 мың тонна қант бар. Одан басқа алатын 120 мың тонна квотамыз бар. Ол әлі басталған жоқ. Оны мамыр айынан бастап аламыз. БАЖ-сыз кіргізілетін 300 мың тонна қант құрағы бар. Әзірге қант жеткілікті деуге болады. Жақында Ресейдің ауыл шаруашылығы министрі Дмитрий Патрушевпен сөйлестім. Қантты қосымша тағы 80 мың тоннаға жеткізу жайлы. Енді дайын болайық, кім біледі жағдай әртүрлі болып кетуі мүмкін. Сондықтан қант жағы 100 пайыз қамтылады деп ойлаймын. Биыл ондай мәселе болмауы керек, - деді ведомство басшысы.

Брифингте БАҚ өкілдері: «Қант бағасы шарықтап кетпеуіне кепілдік бере аласыз ба?» деп сұрады.

Өздеріңіз білесіздер, ертең неше түрлі факторлар болып қалуы мүмкін. Оны болдырмау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан тыйым салдық, тоқтаттық. Бүгінде 90 мың тонна қант 2,5-3 айға жетеді. Қосымша Ресейден де қант құрағын жеткізе бастаймыз, - дейді министр.

Миражан Махан
Бөлісу: