Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хиджаб киюге қатысты мәселеге әлдеқашан нүкте қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мәселенің түйіні айтылған. Жалпы, білім мекемелері оқу мен тәрбие беруге арналғандықтан, оларды да дұрыс түсіну керек. Мектепке бала келгеннен кейін форманы сақтауы, мектепішілік тәртіпке бағынуы тиіс. Ата-аналардың ең басты мақсаты – балаларының білімді әрі мықты азамат болып қалыптасуы. Сондықтан да, ата-аналарға басты мәселеден ауытқымауымыз керек екенін айтқым келеді, - деді минитср.
Ғани Бейсембаев ата-аналарға ақыл-кеңесін айтты.
Әр ата-ана мен мектеп баланың ертең мықты азамат болып қалыптасуына жұмыс істеуі керек. Бұл бағытта маған шағым келіп түскен жоқ. Себебі, барлық білім мекемелерінде тиісті заңды орындауға білім мекемелері міндетті. Бұл бағытта жұмыс жалғасады. Ата-аналар аталған мәселеге түсіністікпен қарап, баланың бақытты әрі мықты азамат болуына жұмыла үлес қосуымыз тиіс. Бұл мәселені ары қарай өрбіте беру ертеңгі жас ұрпағымызға еш пайдасын тимейтінін түсінетін уақыт келді деп ойлаймын, - деді Оқу-ағарту министрі.
Айта кетейік, Қарағандыдағы мектептердің бірінде хиджабқа тыйым салынғандықтан, оқушылардың кейбірі мектепке барудан бас тартқан.