Министр ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов ұзақ отырып қалғанын айтты

6 Наурыз, 12:57 1224

Енді университет ректорларының қызмет мерзіміне қатысты өзгеріс болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен баспасөз мәслихатында тілшілер министрден кейбір жоғары оқу орындарының ректорлары тым ұзақ мерзім басқарып келе жатқаны туралы сұрақ қойды. 

Мәселен, Ерлан Сыдықовтың Еуразия ұлттық университетіне ректор болғанына биыл 13 жыл толады екен. Бұл мерзім тым ұзақ емес пе?, деп сұрады тілші.

Министрдің айтуынша, реткорларды тағайындау қағидаты өзгереді.

Жалпы, біздегі ұлттық университеттер ректорларының мерзімін үш жылға базалық келісімшарт бойынша ұзарту мүмкіндігі бар. Шын мәнінде, 13 жыл мерзім — ұзақ. Сондықтан қазір ректорларды тағайындау ережелерін пысықтап жатырмыз. 14-15 наурызда арнайы республикалық комиссияның отырысы өтеді. Сол жерде жаңа қағидаттар қабылданбақ, - деді Саясат Нұрбек.

Министр ректорлардың қызметін екі мерзімнен артық ұзартпау ұсынысы бекітілетінін атап өтті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: