Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың басымдықтары

27 Наурыз 2023, 15:23 1299

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі елімізде 18 жыл бойы жұмыс істейтін азаматтарға (немесе асыраушысынан айырылған жағдайда олардың отбасы мүшелеріне) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қосымша әлеуметтік қолдау алуға мүмкіндік береді.  Осы жүйенің басымдықтары туралы Қордың Бас директоры Кемел Нұрсұлу Мырзагелдіқызымен әңгімелескен болатынбыз.

– Нұрсұлу Мырзагелдіқызы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің басымдықтары туралы айта кетсеңіз? Қор қызметінің 18 жылында Қордан алушылар саны мен әлеуметтік төлемдер сомасының өсуі байқала ма?

– Еліміздің тәуелсіздік жылдары ішінде нарықтық экономика қағидаттарына сәйкес келетін, әлеуметтік қамсыздандыру үшін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі қалыптасты.

Бүгінгі таңда өмірдің әртүрлі кезеңдерінде 5 миллионнан асаадам уақтылы және толық көлемде әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етілуде. Әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік сақтандыруға жұмсалатын  шығындар 2022 жылы ЖІӨ-нің шамамен 5% құрады.

2005 жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу әлеуметтік қорғауды дамытудың маңызды кезеңі болды. Оны енгізудің нәтижесінде олар үшін жұмыс берушілер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (Қор) әлеуметтік аударымдар төлейтін қызметкерлер әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жүйемен қорғалады.

Алғашқы кезеңде Қордан төлемдер әлеуметтік тәуекелдің үш түріне төленді. Олар: еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу жағдайларына. Ал, 2008 жылдан бастап ана мен баланы қолдау мақсатында тағы екі әлеуметтік төлем енгізілді.

Қор қызметінің 18 жылында Қордан алушылар саны мен әлеуметтік төлемдер сомасының өсуі байқалады. Мәселен, егер 2008 жылмен салыстыратын болсақ, барлық әлеуметтік тәуекелдер бойынша әлеуметтік төлемдерді алушылар саны 3,6 есеге артып, 1 млн. адамнан асты (2008 ж. - 322 мың адам, 2022 ж. – 1 163 мың адам).

Осы кезеңде төлемдер сомасы 15 есеге жуық өсті (2008 ж. – 30 млрд.теңге, 2022 ж. – 441 млрд. теңге). Жүйенің жетілуіне байланысты бұл көрсеткіш одан әрі де өсетін болады.

 – Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған жұмыс істейтін халықтың жалақыны «конвертпен» алатын жұмыс істемейтіндермен немесе бейресми жұмыс істейтіндермен салыстырғанда артықшылығы неде?

 – Бүгінде Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау жүйесі бюджеттен берілетін жәрдемақылардың 6 түрімен және Қордан төленетін әлеуметтік төлемменқамтылған, сондай-ақ олар мемлекет есебінен техникалық оңалту құралдарымен, медициналық сақтандыру көмегімен, әлеуметтік оңалтумен және т.б.қамтамасыз етіледі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 97 мыңнан аса адам еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша бюджеттен төленетін жәрдемақыларға қосымша жалпы сомасы 31 млрд. теңгегеәлеуметтік төлем алды.Бұл ретте,төлем алу кезеңінде оларға мүмкіндігінше жұмыс істеуге заңмен рұқсат етілген.  Бүгінде алушылардың шамамен 65%-ы еңбек қызметін жалғастыруда.

Егер  асыраушысоңғы 2 жылда жұмыс істеген болса асыраушысынан айырылған отбасылар да осындай екі деңгейден қолдау алады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 61 мыңнан аса отбасы Қорданжалпы сомасы 21 млрд. теңгеге әлеуметтік төлем алды. 

Бұл төлемдердің ұзақ мерзімді болып табылатынын және сатып алу қабілетін қамтамасыз ету мақсатында олардың мөлшері жыл сайын артып отыратынын ерекше атап өткім келеді. Бұдан басқа, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру жүйесіне қатысудың тартымдылығын арттыру мақсатында «жүйеге қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері де соғұрлым артық болады» қағидаты бойынша ұзақ мерзімді төлемдердің параметрлері қайта қарастырылды. Бұл әлеуметтік төлемдер мөлшерін орта есеппен 50% аса  арттыруға мүмкіндік берді.

Біздің елімізде балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылуда, оған мемлекеттік жәрдемақылардың  8 түрі жәнеҚордан ана мен баланы қолдауға әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға арналған түрлі жеңілдіктер кіреді.

Бала туған кезде ата-аналардың бірі, еңбек қызметін жүзеге асыруына қарамастан, бюджеттен бала тууына мемлекеттік жәрдемақы алады, оның мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК (2023 жылы – 131 100 теңге), ал төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК (2023 жылы-217 350 теңге).

Сонымен қатар, жұмыс істемейтін аналар бюджеттен бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алады, оның мөлшері баланың туу кезектілігіне байланысты болады.

Ал, жұмыс істейтін әйелдерге келетін болсақ, олардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстанда 2008 жылдан бастап ана мен баланы әлеуметтік сақтандыру енгізілді.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс орнынан әйелдерге жүктілікке және босануға демалыс беріледі. Демалысты ресімдегеннен кейін болашақ ана жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алуға жүгінеді. 2022 жылы бұл төлемді 198 млрд. теңге сомаға 251 мыңнан аса әйел алды.

Бала туғаннан кейін бала күтімін жүзеге асыратын ата-аналардың бірі бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алуға өтініш бере алады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді жүзеге асыру ұзақтығы 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. 

Өткен жылы Қордан осындай төлем 323 мың адамға тағайындалды. Бұл  төлемге Қордан барлығы 172 млрд. теңге жұмсалды.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың нәтижесінде жұмыс істейтін азаматтардың төлемдері жұмыс істемейтіндерге қарағанда жоғары болады.

– Бүгінде, цифрландыру заманында ешкім кезекке тұруға, құжаттар жинауға уақыт бөлгісі келмейді. Әлеуметтік төлем алушылар үшін бұл мәселе қалай шешілуде?

– Әлеуметтік саланы цифрландыруды дамыту – бұл маңызды әрі перспективалы бағыт.

Қазіргі уақытта әлеуметтік қолдау көрсетудің бизнес-процестерінің қарқынды дамуы байқалады. Егер бұрын адам кем дегенде 7-8 құжат жинап, оларды көшіріп, ұзын сонар кезекке тұруы қажет болса, бүгінде мұның бәрі барынша оңтайландырылған және автоматтандырылған. Іс жүзінде барлық қажетті мәліметтер ақпараттық жүйелерден сұратылады.

Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау ыңғайлы болу үшін дәстүрлі түрде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы да, үйден шықпай-ақ электронды түрде де жүгінуге болады.

Бүгінгі таңда композиттік және проактивті форматтар электронды қызметтерді дамытудың өзекті бағыттары болып отыр. Біз өз қызметімізде еңбек ету қабілетінен айырылуы және жұмысынан айырылуыжағдайларына  әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша қызметтер көрсетудің композиттік форматын енгіздік. Бұл форматта азаматқа мүгедектік белгіленгеннен немесе жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін төлемдерге  бөлекжүгінудің қажеті болмайды. Барлығы бірден медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесінде немесе Халықты жұмыспен қамту орталығында ресімделеді.

Қызмет көрсетудің проактивті форматы өтініш берушінің өтінішінсіз қызмет көрсетуді көздейді. Бұл жағдайда мемлекет әлеуметтік тәуекел туындаған кезде әлеуметтік төлем алуға келісім туралы sms-растауды сұрау арқылы адамға қызмет көрсетеді. Төлем құқығының болуы және растайтын мәліметтерді қалыптастыру процесі ақпараттық жүйелер арасында мәліметтер алмасу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, бала туғаннан кейін бірден әйелге SMS-хабарлама келеді, оғаноң жауап берген жағдайдаавтоматты режимде тиісті төлемдерді тағайындауға мүмкіндік туады.

Бұл қызмет электрондық үкімет порталы, кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да қолжетімді.

Осы шаралардың барлығы электрондық қызметтер көрсету үлесін жалпы көрсетілген қызметтер көлемінің 49% - на дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Болашақта біз бұл көрсеткішті одан да арттыруды  мақсат етіп отырмыз.

– Жұмыс істейтін азаматтар үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің артықшылықтары шынымен де байқалады. Болашаққа тағы қандай жоспарларыңыз бен мақсаттар бар?

 – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізу басталды.

Жалпы ОЦК:

- бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті «электрондық хабарлама»;

- проактивті форматтың тағы бір жаңа құралыретінде мемлекеттік қызметкөрсету. Яғни, мемлекет тиісті органдарға жүгінбей-ақ азаматқа ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды ұсынады.

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін СМС-хабарлама жіберіледі.

Келісімді алғаннан кейін-әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлерін тағайындау, содан кейін алушының банктік шотына аудару жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта ОЦК шеңберінде көрсетілетін неғұрлым талап етілетін қызмет түрі Қордан жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем болып табылады. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша ОЦК шеңберінде көрсетілген төлемді 15 мыңға жуық адам алды.

Осылайша, азаматтарға ыңғайлы болу үшін біз проактивті форматта қызмет көрсетуді дамыту мақсатын қойып отырмыз.

– Сұқбатыңызға рахмет!

Ержан Ахметов
Бөлісу: