11 Қыркүйек 2014, 14:13
Саяхат және технологиямен айналысатын Teague компаниясының мәлімдеуінше, мына суреттер жақын арада шын өмірде жүзеге асып, футболшылар бүкіл әлемді өте ыңғайлы жағдайда шарлай алады.
Мәселен, Бразилия ұлттық құрамасы екі апталық халықаралық ойындар үшін 8 000 мильге жуық қашықтықты бағындырады екен. Алайда, осыншама ұзақ сапар шегу ойыншыларға әсер етпей қоймайды. Олар шаршап, мазасыздану күйін кешіп жатады. Бұл – клуб менеджерлерінің басты уайымы. Бұдан былай аталмыш мәселе өткен күннің естелігі болмақ.
Teague Nike компаниясымен біріге отырып, спортшыларға көмектесу үшін революциялық идея ұсынып, жаңа ұшақтың көріністерін жария етті.
Ойыншылар ойындарын өткізіп, қайтып келе жатқанда бұдан былай тек демалып қана қоймай, емделу, тынығу, бұлшық еттерін босату, түрлі формадағы диагностикалау секілді шараларды қатар жүргізе алады.
Мәселен, биометрикалық тестілеу мен анализ алу да ұшу кезінде жүзеге асырылады.
Жататын орындар атлеттердің ыңғайына қарай жасалған.
Мұнда ұшу кезінде спортшылар массаж қабылдай алатын арнайы бөлме де бар.
Мақаланың түпнұсқасы сілтеме бойынша оқи аласыз