26 Ақпан 2014, 11:13
Миллиард жолындағы алғашқы қадам неден басталады?! Әрине, үздік идеядан! Алайда, шашылып жатқан идея жоқ, сәйкесінше миллион да жерде жатпайды. Бірақ, ізденсек бәріне жетеміз. Төменде ең қарапайым бизнес идеялардың иелері мен олардың тапқан табыстары жөнінде аз-кем. Шолып шығайық, бәлкім, идея Сіздің де басыңызға келіп қалар!
1) Мишель Ферреро мен оның отбасы, $10 млрд. табыс
Таңғы асқа дайындалар бутерброд үшін шоколадты май идеясын ойлап тапқан Мишель күнделікті мәзірге шоколадты кіргізді, қыруар пайдаға кенелді.
2) Брэд Хьюз болса қажет еткен барлық автөкөлік иелеріне автоматты сақтау қоймаларын ұсынды. Нәтижесінде 5,3 млрд. доллардың иесі болып шыға келді.
3) Ральф Лорен, $5 млрд.
Ральф қарапайым қысқа жең поло-көйлекке жарқын түсті аттың суретін жапсыра салған да, бағасын 50 доллар етіп белгілеген:)
4) Бұл жігіттің аты Джефф Бизос. Джефф көптеген адамдарды кітап дүкендеріне бару машақатынан құтқарды. Ол қажет әдебиеттерді сатып алатын үлкен интернет дүкенін ашты. Amazon.com. осылай өмірге келді. 4,4 млрд.доллар ере келді...
5) Тай Уорнер болса сатылымға әдемііі жұмсақ ойыншық-қонжықтарды шығарды. Ерекшелік мынада, қонжықтардың аты болады және олардың саны тым шектеулі болады. Әлбетте, мұндай дүниелер бірден ескерткіш сыйлыққа айналары сөзсіз. Тай Уорнер бұл идеясы үшін 4,5 млрд. доллларға ие болды...
6) Қуат беретін сусындар. Идея иелері: Калео Ювидиха, Таиланд жәнеДитрих Матешиц, Австрия. Сәйкесінше 3,1 и 3 млрд. долларға иелік еткен.
7) Марио Моретти Полигатто есімді италиялық азамат аяқтарынан жағымсыз иіс шығатын адамдар үшін арнайы аяқ киім ойлап тапқан. Бұл идея үшін ол 3 млрд. долларға ие болды...
8) Джеймс Дайсон есімді Ұлыбритания азамат 320 шақырым/сағат жылдамдықпен шаң соруға қабілетті шаңсорғыш ойлап тапқан. Тың ойының арқасында Джеймс Дайсон 1,6 млрд. доллардың иесі боп шыға келді.
9) Ганс және Поль Райгели есімді неміс азаматтарының әрқайсысы 1,5 млрд. долллардан қаржы тапты. Бұл қаражат оларға әрі тәтті, әрі созылмалы кәмпиттерді сатудан түсті.
10) Говард Шульц есімді американдықтың идеясы оны 1,1 млрд. долларға байытты. Говард Америкадағы әр үйдің астында кішкентай кофехана болуы керек деген идея ұсынды. Starbucks кофеханалар желісі өмірге осылай келді...