"Миландағы додадан үміт көп". Мырзағали Айтжанов лицензиялық жарысқа болжам жасады

14 Қаңтар, 00:30 4786

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Миланда өтетін олимпиадалық іріктеу турниріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Kazinform порталына берген сұхбатында бапкері Италиядағы сыннан Париж Олимпиадасына қанша жолдама алуға қатысты жоспарына қатысты ойымен бөлісті.

Барлығын уақыт, ринг көрсетеді. Бірден қалған алты лицензияның бәрін жеңіп аламыз деп уәде беруден аулақпыз. Біз таласатын салмақта жолдама ала алмай қалған әлемнің қаншама мықты боксшылары бар. Олардың да арманы бізбен бірдей – қарсыласын ұтып, жолдамаға қол жеткізу. Қазір бокста бәсекелестік аса жоғары. Сол үшін Миланға аса жоғары деңгейдегі дайындықпен баруды көздеп отырмыз, - деді бас бапкер. 

Сондай-ақ, ол Миланда жолы болмаған боксшылар тағы қандай жарыстарда Олимпиада жолдамасына таласуға мүмкіндіктері барын да атап өтті. 

Осы жылы бірінші лицензия тарататын жарыс Италияда өтсе, екіншісі Тайландта өтеді. Біріншісінде – 49, ал екіншісінде 51 лицензия ойнатылады деп жоспарланып отыр. Менің қазіргі басты мақсатым – аталған қос лицензиялық турнирге аса жоғары деңгейде дайындалып, қалған алты салмақтағы жолдаманы жеңіп алу. Жолдама қолға түссе, Парижде Токиода кеткен есені қайтарып, қазақ боксшыларын Олимпиаданың жеңіс тұғырынан көрсету, - деді М.Айтжанов. 

Әзірге бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында жалғыз жолдама ғана бар. Ол Азия Ойындарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа тиесілі. 

Перизат Саденова
Бөлісу: