Милад Карими еркін жаттығуда бесінші орын алды

3 Тамыз, 21:32 620

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Милад Карими еркін жаттығу бойынша Париж Олимпиадасындың финалында өнер көрсетті, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, қазақстандық гимнаст өз жаттығуы үшін 14.500 ұпай жинады. 

Бұл жаттығуда филиппиндік Карлос Юло (15.000) чемпион атанса, күміс медальді Израиль өкілі Артем Долгопят (14.966). қоланы Ұлыбритания спортшысы Джэк Джармэйн (14.933) еншіледі. 

Айта кетелік, Милад Карими осымен Олимпиада ойындарын аяқтады. 

Перизат Саденова
Бөлісу: