Милад Карими алғаш рет Азия чемпионы атанды

19 Мамыр, 19:09 1059

Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Милад бүгін кермедегі жаттығуда ең көп ұпай жинап (15.033 балл), биылғы сары құрлық додасындағы 3-жүлдесіне қол жеткізді. Ол осыған дейін көпсайыс пен еркін жаттығуда күміс медаль алған. Жалпы 24 жастағы Миладтың бұл ересектер арасында құрлық чемпионатындағы 8-жүлдесі (1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль).

Бүгінгі кермедегі сайыста күміс пен қола қытайлық гимнастың еншісінде.

Перизат Саденова
Бөлісу: