Милад Карими әлем кубогының жеңімпазы атанды

Кеше, 16:00 377

Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде ұлттық құрама спортшысы Милад Карими топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отандық спортшы еркін жаттығудың финалында 14.133 ұпай алды. Одан кейін 13.966 ұпаймен Болгария өкілі Эдди Пенев күміс жүлдеге қол жеткізді. Үздік үштікті украин гимнасты Назар Чепурный (18.866 балл) түйіндеді.

Айта кетейік, Милад Карими осыған дейінгі Дохадағы кезеңде осы жаттығуда жеңіске жеткен.

Перизат Саденова
Бөлісу: