Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде екінші финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы кермедегі жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Милад 14,166 ұпай жинап, бірінші орынмен финалға шықты. Дәл осы бағдарлама бойынша Ілияс Әзізов 12,100 ұпаймен тоғызыншы орын алды, бірақ финалға өте алмады.
Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығуда да бірінші орынмен финалға өткен еді. Ал Ілияс Әзізов пен Дмитрий Потанин қоссырықта жүлде үшін таласады. Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығуда финалға өткен спортшылардың қатарына енді.