Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде екінші алтын медаль жеңіп алды

Бүгiн, 08:27 371

Милад Карими спорттық гимнастикадан Дохада өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде тағы да алтын медаль жеңіп алды. Бұл жолы — кермедегі жаттығуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтық сында Карими төрешілердің шешімімен 14.500 ұпай жинады. Тайбэйлік Чиа Хун Тан 14.400 ұпаймен екінші орынды иеленсе, қытайлық Ци Тан 14.000 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Осылайша, Милад Әлем кубогының кезеңін екі алтын медальмен аяқтады. Бұған дейін ол еркін жаттығулар бағдарламасының финалында жеңіске жеткен еді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: