Министрлік отандық жетекші спортшының бірі Михаил Шайдоровтың жарыстарға дайындалуға тиісті жағдайдың болмауына қатысты жағдайдан хабардар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жағдай Мемлекет басшысының спорт саласындағы вертикальді басқаруды қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасының орынды әрі дер кезінде берілгенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Аталған реформаның негізгі бағыттарының бірі - жоғары жетістіктер спортына арналған спорт нысандарын жергілікті атқарушы органдардан Министрлік қарамағына беру.
Министрлік ұлттық құраманы Олимпиадаға дайындау жоспарын бекітті. Осы жоспар аясында медаль алуға үміткер спортшыларды анықтады. Олардың әрқайсысына, соның ішінде Михаил Шайдоровқа да, жауапты құрылымдарға нақты міндеттер жүктелді:
Бұған қоса, спортшыларды дайындау жүйесіне кіретін басқа да мекемелер жұмысқа тартылған.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Министрлік Олимпиадаға дайындық жоспарына енгізілген әрбір спортшыны, оның тұрғылықты жеріне немесе тіркелген мекенжайына қарамастан, қажетті қолдаумен қамтамасыз ете береді.