Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатында ерекше көзге түсті

Кеше, 05:30 448

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатының қысқа бағдарламасында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында уақытша бірінші орынға көтерілген. Отандық спортшы қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 94.73 ұпай жинады.

Бұл нәтиже оған ерлер арасындағы жеке сырғанауда турнир кестесінің көшін бастауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, жеңімпаз бен жүлдегерлер 22 ақпанда өтетін еркін бағдарлама қорытындысы бойынша анықталады.

Асқар Таудай
Бөлісу: