Михаил Шайдоров 10 жылдан кейін Денис Теннің жетістігін қайталады

Кеше, 13:12 287

Мәнерлеп сырғанаудан Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатының ерлер бәсекесінде Михаил Шайдоров чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз қос сайыста өз мансабындағы рекордтық 285.10 ұпай жинады.

Жалпы рейтинг:

Михаил Шайдоров - 285.10 ұпай

Ча Джун Хван (Қысқы Азия ойындарының чемпионы) - 265.02ұпай

Джимми Ма - 245.01 ұпай

Айта кетейік, төрт құрлық чемпионаты 1999 жылдан бері өткізіліп келеді. Дәл осыдан 10 жыл бұрын марқұм Денис Тен де Сеул төрінде чемпион атанған болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: