Мейрамханаларда қазақша ән орындалуын сұрау заңды

16 Наурыз 2023, 17:15 1210

Алматыдағы мейрамхана желілерінің бірінде тұтынушыға мемлекеттік тілде музыка қоюдан бас тартқан. Бұл тұтынушы құқығын бұзу ма? Осы туралы заңгердің пікірін сұрадық.

Әлеуметтік желіде мейрамханалар желісі қызметкерлерінің Whatsapp чатындағы әңгіменің скриншоты тарады. Суретте музыкантқа қазақ тілінде ән айтуға тыйым салынғаны туралы жазылған. Жазбада бұл мейрамхана әкімшілігінің ұйғарымы екені анық айтылған. Мейраханаға келген қонақтар қазақша ән орындауды сұрағанда, «Бізде орындалатын әндер тізімінде қазақ ән жоқ деп ғана жауап беріңіздер немесе менеджер мен директорды шақырыңыздар» деп анық жазылған. Скриншот дәл сол мейрамхана музыканттарының чатынан алынды ма, жоқ па белгісіз. Бірақ әлеуметтік желідегі шудан кейін мейрамханада қазақша әндер орындалып, бірден мәзір қазақ тіліне аударылған.

Мейрамхана, қоғамдық орындарда тұтынушы қазақша ән орындауды сұрауы қаншалықты орынды? Оның құқығы қорғалған ба? Осы сұрақпен  заңгер Мейірман Шекеевптен сұрап көрдік. 

Заңсыз. Себебі біздің Ата заңымыздың 7-бабының 1-тармағында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп бекітілген. ҚР «Тіл туралы заңының» 4-бабында былай деп көрсетіледі: «Қазақстан халқын топтастырудың негізгі факторы. Қазақ тілін меңгеру ҚР әрбір азаматының парызы» деп жазылған. Кез келген Қазақстан азаматы мемлекеттік тілді білуі керек екенін көрсетеді. «Тіл туралы Заңның 17-бабы бойынша, мәдениет саласында кез келген мәдени шаралар мемлекеттік тілде, содан кейін қажет болған жағдайда ғана басқа тілде жасалады деп көрсетілген. Сонымен қатар кез келген мейрамхана, кафе, басқа да қызмет көрсету орындарынан қазақша ақпарат алу, қазақша ән айту «Тұтынушылардың құқығын қорғау» туралы заңмен реттелген. Осы заңның 24-бабында нақты көрсетілген. Тұтынушы кез келген қызметті мемлекеттік тілде көрсетуді сұраса, мемлекеттік тілде көрсетуге міндетті, - деп жауап берді заңгер Мейірман Шекеев.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: