Мейрамбек Бесбаевқа ерекше сыйлық табыстады

15 Тамыз, 11:18 8841

Есімі елге танымал әнші Мейрамбек Бесбаевқа Айжан Нұразхан  ерекше сыйлық табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің әріптесі оған кептер ұясын сыйға тартқан. Ол тосынсый туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жария етті.

Радиомыздың директоры Айжан Нұразханның ойламаған жерден жасаған сыйлығы. Аспанымыз ашық, бейбітшілік мәңгі болғай, - деп жазды әнші.

Әнші бұл тосынсыйдың видеосын жариялап, көпшілікке көрсеткен. Онда радио директоры Мейрамбек Бесбаевқа кептер ұясын сыйлап жатқанын көруге болады. Өнер иесінің тосынсыйға ерекше қуанғанын байқалып тұр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: