Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов жапониялық Кадзуто Такесаконы нокаутқа жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша жерлесіміз WBO International белбеуін қорғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекпе-жек Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтті және бокс кешінің басты оқиғасы болды. Белбеу сарапқа салынған кездесу сегізінші раундта аяқталды.
Бұған дейін қарсыластардың көз түйістіру рәсімі өткенін хабарлағанбыз.
Нұрсұлтанлв кәсіпқой бокста 19 жекпе-жекте өткізіп, соның барлығында жеңіске жетсе, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жапон былғары қолғап шеберінің еншісінде бұған дейін 15 жеңіс пен 1 тең айқас болды. Ол 14 жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.
Нұрсұлтанов WBO рейтингінде төртінші орында тұр.