Мейірбикенің бір күні қалай өтеді?

16 Маусым, 10:00 1755

Елімізде маусымның үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Биыл бұл кәсіби мереке - бүгін, яғни 16 маусымға келіп тұр. Осы ретте  медицина саласына 12 жыл өмірін арнаған, ҚР Президенті іс басқармасындағы операция бөлімшесінің операциялық мейірбикесі болып қызмет атқаратын Нұрсұлу Қарсақованың бір күнін түсірдік. Ол осы жылдар ішінде талай қыз-келіншектерді сырқатынан құлан таза айықтыру жолында аянбай тер төгіп келеді. Еl.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі ақ халатты абзал жанның бір күндік жұмыс кестесімен танысып қайтты.

Нұрсұлу - адалдығын ақ халатына іліп, мейірімділігін ем іздеген жанның жүрегіне төге білген мейірбике ғана емес, 9 жасар баланы тәрбиелеп отырған аяулы ана.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: