Месси ауысқалы «Интер Майами» жейделеріне сұраныс 25 есе артқан

28 Шілде 2023, 05:09 891

Лионель Месси ауысқалы «Интер Майами» жейделеріне деген сұраныс 25 есе артқан, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Marcа мәліметінше, Adidas компаниясы Месси «Интер Майами» сапына ауысқалы команда жейделеріне деген сұранысты қанағаттандыруда қиындықтарға тап болған. Әсіресе Мессидің аты мен нөмірі жазылған жейде бәрінен жылдам сатылып кеткен және оны енді алдын ала тапсырыс беру арқылы қазанда ғана алуға болады. 

Айта кетейік, Месси «Интер Майами» сапында екі матч өткізіп, 3 гол және 1 нәтижелі пасты еншісіне жазып үлгерді.

Перизат Саденова
Бөлісу: