Мешітке намазға келген 18 жасар жігіт iPhone телефонын жымқырып кеткен

4 Қаңтар, 02:14 871

Астанада 18 жасар жас жігіт кешкі намаз уақытында мешіттен «iPhone 13рro max» ұялы телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz. 

Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай ұстаған.

Тергеу барысында жас жігіт мешіттердің бірінде жәбірленушінің назары басқа жақта болған сәтті пайдаланып, ұялы телефонды жасырын ұрлап алғаны анықталған. Содан ол мешіттен шығып кеткен. Келтірілген шығын 700 мың теңгені құрады.

Оқи отырыңыз:

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті бұрын сотты болған. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі таңда жас жігіттің елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Перизат Саденова
Бөлісу: