Мэрилин Монро

23 Шілде 2014, 10:21

Бүкіл әлемге танымал, дүниедегі ең сұлу нәзік жандылардың бірі, Мэрилин Монроның шын аты – Норма Джин Бейкер Мортенсон.

Бүкіл әлемге танымал, дүниедегі ең сұлу нәзік жандылардың бірі, Мэрилин Монроның шын аты – Норма Джин Бейкер Мортенсон. Оның балалық шағы жарқын болды деп айтуға болмайды. Әке-шешесі ажырасқаннан кейін, анасы, бүлдіршін қызын - Болендерлер жан-ұясына, асырауға береді. 1926-жылдың 1-маусымында туған нәресте, бұл кезде  екі аптаға енді келген еді.

6 жыл өткеннен кейін, 1933 жылы анасы, қызын өзіне қайтарып алады. Бірақ, Мэрилиннің қуанышы ұзаққа созылмайды. Глэдис аураханаға түсіп қалып, 9 жастағы, болашақ кино жұлдызы, оның құрбысының қолында тәрбиеленеді.

Бірақ, бесіктен енді белі шыққан періште әлпетті қыз, Грейс Эткинсон Мак-Кидің (анасының құрбысы) қолында көп тұрмайды. Грэйс, ақша жетіспеушілігінен, Мэрилинді, жетімдер үйіне апарады. Тұратын орын таппай, көшіп-қонып жүрген Монро, 1942-жылы Грейс Мак-Кидің үйіне қайтып келеді.

Өмір қиыншылығын көрген Мэрилин 16 жасар кезінде, тағы да баспанасыз қалып қояды. Соның салдарынан, Джим Дагертиге тұрмысқа шығады.  Бірақ, 1944 жылы, Дэвид Коновер атты фотографтың көзіне түсіп, фотомодель мансабын бастап кетеді.

Бір жыл өткеннен кейін, 19 жасар Мэрилиннің аты шыға бастайды. Ал 1946 жылы «20th Century Fox» киностудиясы, оған әртіс болуды ұсынады. Ұсынысты қабылдаған Мэрилин, әртіс мансабын таңдап, Джим Дагертимен ажырасып кетеді.

Мэрилин 1947жылы «Қауіпті жылдар» (Опасные годы), 1949 жылы «Кордебалеттегі Ханымдар»,  (Дамы из кордебалета), 1950 году «Домалақ найзағай» (Шаровая молния) атты киноларда түседі. Әдемі, аққұба актриса көрермендердің жүрегіне сол сәтте ақ  жол тауып алады. 1954 жылдың наурыз айында, Монро «Ең әйгілі актриса» атағына ие болады. 1960 жылдың, 8 ақпанында голливудтық , мәртебе алаңында, өз жұлдызына ие болады.

Бірақ, Мэрилиннің, өз жұмысына көңілі толмайды. Өйткені оның түсетін кинолары, көбінесе сұлу, бірақ ақылсыз қыз туралы еді. Мысалы «Үйленейік» (Давай поженимся), «Есік қақпай кіре беруге болады» (Можно входить без стука), «Джентльмендерге аққұба қыздар ұнайды» (Джентельмены предпочитают блондинок), «Қалай миллионерге тұрмысқа шығуға болады» (Как выйти замуж за миллионера).

Ғажайып сұлулықтың иегері Мэрилин, кинода ғана, білімі саяз қыздың рөлін ойнайды. Негізінде, ол, өте зерек, ақылды, данышпан еді. Бірақ, қанша тырысса да, ақылсыз қыздың бейнесінен шыға алмайды. 1961 жылы «Мазасыздар» (Неприкаянные) атты кинода ғана, өз амплуасынан алыстады деуге болады.

Бұл оның ақырғы киносы еді...Әдемі көркімен әлемді тамсандырған ұлы актриса, 1962 жылдың  5 тамызында көз жұмады.

Магажанова Асем

Бөлісу: