Мереке күні жедел жәрдем 23 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетті

9 Наурыз, 22:36 758

Мереке күні жедел жәрдем бригадалары барлық өңірлерде 23 мыңнан астам жедел жәрдем шақыртуларына қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Науқастарға барудың басым бөлігі Алматы қаласында, Түркістан, Алматы облыстарында және республиканың астанасында тіркелді.

Төтенше жағдайлар құрылымында аурулардан басқа, үйде босану, жол-көлік оқиғалары, өрт, улану және көп қабатты үйлердегі құлау кезінде алғашқы көмек көрсетілді.

Ұлттық шұғыл медицина орталығының санитариялық авиациясы күштерімен Семей-Үржар бағыты бойынша құрамында реаниматолог пен фельдшер, ал Шымкенттен Шардараға құрамында комбустиолог пен реаниматолог бар 2 ұшу жүзеге асырылды. Барлық науқастарға облыстық стационарларда білікті медициналық көмек көрсетілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: