Mercedes-Benz брендінің E-Class сериясындағы жаңа нұсқаның суреттері жарияланды (ФОТО)

6 Қаңтар 2016, 06:47

Worldcarfans интернет-ресурсы Детройт автосалонындағы бұқаралық премьераға бір апта қалғанда жаңа нұсқасының суреттерін интернетке салды

Worldcarfans интернет-ресурсы Детройт автосалонындағы бұқаралық премьераға бір апта қалғанда Mercedes-Benz брендінің E-Class сериясындағы жаңа нұсқасының суреттерін жариялады.

Сонымен қатар өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында премьераға дейінгі көрсетілімнің фоторепортаждары жарық көрді. 

Жаңа модульдік платформаның арқасында жаңа седан алдыңғы нұсқадан 100 килограмға жеңіл. Жаңа көліктің қымбат нұсқаларында алдыңғы панельдегі сандық дисплей мен құрал-жабдықтар панелі бірігіп кеткен. 

Суреттерден байқаланатыны, қарапайым нұсқаларда құрал-жабдықтар панелі мен мультимедиялық жүйе дисплейі арасында шекара бар, бірақ онда, S-Class нұсқасында кездесетін басқыштар мұнда жоқ. 


Дәурен Омаров

Бөлісу: