«Мені Қуандықтың әкесі 2 рет ұрды». Бишімбаевтың бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

15 Сәуір, 18:05 30667

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман күтпеген мәлімдеме жасады. Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаев бұрынғы әйелі Назымды айыптап, көлігін ұрлап кетпек болғанын айтқан еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бәріне сәлем. Бүгін сотта менің атымды тағы да атаған екен. Осылай күйе жаққанда мен үнсіз отырмаймын. 10-11 қарашада ұлдарым, анам, әпкеммен бірге Қуандықтың ата-анасына көңіл айтуға бардық. Нақты қандай жағдай болғанына тоқталмай-ақ қояйын. Біз ол жерден шок жағдайда шықтық. Шамамен күдікті Қуандық Бишімбаев айтқан оқиғаны, 10 қарашада оның ата-анасы да айтып отыр еді. Ал негізінен кешірім сұрап отыруы тиіс еді. Мен сол күні балаларым үшін жеке көлік сұрадым. Себебі, кісі өлімінен соң балаларыма қоғамнан, сыныптастарынан, такистерден қандай реакция болатынын білмедім. Бірақ Қуандықтың анасы барлық көлік Қуандыққа сәлемдеме беру үшін қамтылған, қалған көліктер қорғаушыларды тасуға арналғанын айтты. Маған көлік беруден бас тартты. Біз Қуандықпен ажырасқанда мүлікті бөліске салмадық. Бірақ балалардың оқуын, шығындарын төлеген соң, мен келістім. Бірақ бұл жолы бір адам бір адамды өлтірді. Сондықтан мен Қуандықты ата-ана болу жауапкершілігінен сызып тастадым. Негізінен менің көлігім бар, бірақ 3 баланы бірдей уақытта тасу қажет болғанда мен үлгермеймін, - деді Назым Қаһарман.

Назым Қаһарман бұрынғы қайын атасымен болған оқиғаны да баяндап берді.

Ал Қуандықтың әкесі (Уалихан Бишімбаев) менің қолымнан 2 рет ұрып, мені пайдакүнем адам деп айыптады. Ұрған сәтін менің қызым көріп тұрды. Шын мәнінде осы оқиғада ең қатты зардап шеккен балалар ғой. Немерелерін бір сәт те ойламады. Осыдан кейін балалар да араласқысы келмейді. Сол оқиғадан кейін балаларды қолдауға келген жалғыз адам Бақытжан Байжанов болды. Барлық туыстарын былай қойып, жалғыз Байжанов келгені таңғалдырды. Ол сол кезде оқиға қалай болғанын маған да дәл осы сотта айтылған нұсқаны айтып берді. Байжанов Алматыда өзінің атында бір көлік бар екенін айтты. Сол көлікті Алматыға алдырайық деп келістіріп берді. Біз көлікті алдық, бірақ сол кезде Бақытжан Байжановты қамауға алды. Мен сол кезде Бақытжан Байжановтың өзіне оны қамауға алуы мүмкін екенін айтқанмын. Міне, көлікті ұрлады дегендегі оқиға осылай өрбіген. Бірақ Қуандық оны мүлде басқаша жеткізді, - дейді Назым Қаһарман.

Айта кетейік, Бишімбаев бұрынғы әйелі Назым Қаһарман көлігін ұрлап кеткенін айтқан еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: