«Менің елім» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды

26 Желтоқсан 2018, 11:01 2741

Ақмола облысында «Менің елім» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Ақмола облысында «Менің елім» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Ақмола облысы бойынша ҚХА жанындағы «Сәндік-қолданбалы қолөнер шеберлерінің одағы» «Қоғамдық келісім» КММ-мен бірігіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде оқушы жастар арасында сәндік-қолданбалы қолөнерден қашықтықтан өткізілген «Менің елім» байқауының қорытындысын шығарды.

Байқаудың мақсаты – сәндік-қолданбалы қолөнер шеберлерінің қызметін насихаттау, өнерлі жастарға қолдау көрсету, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және нығайту.

Байқауға Ақмола облысы білім беру мекемелерінің оқушылары мен студент жастары 90-нан астам жұмыс ұсынды.

«Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы кіші тобының оқушылары – Гүлназ Мұқышева және Ясмин Токашева, Сабина Жүніс (Көкшетау қ. № 6 ОМЛ), Дарья Ерошкина (Көкшетау қ. № 8 ОМ), Айғаным Сағатай (С. Жүнісов атындағы № 18 ОМЛ) өз туындыларымен ерекшеленіп, үшінші орын алды.

№5 «Таңдау» көпсалалы гимназиясының тәрбиеленушісі - алты жасар Даниял Әлімтаевтың мүсіндеу арқылы жасалған бостандық қыраны, С. Жүнісов атындағы № 18 ОМЛ оқушысы Бейбарыс Каукеновтің және Көкшетау қ. № 21 ОМ шәкірті Темірлан Шахметовтың түрлі-түсті кәдесыйлары жас қатысушыларға екінші орын әкелді.

Білікті қазылар алқасының ортақ пікірімен Чайкино кенті №15 жалпы білім беру мектебінің оқушысы Лилия Лактюшина «Керуен» гобелені үшін және Көкшетау қаласы № 8 ОМ оқушысы Александра Калюжная «Өткенсіз болашақ жоқ» атты диптихі үшін бірінші орын иеленді.

Барлық жеңіпмаздарға «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы және ҚХАА-ның жанындағы «Сәндік-қолданбалы қолөнер шеберлерінің одағы» атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Бөлісу: