«Мен өте нашар әжемін». Баян Мақсатқызы немерелеріне қалай қарайтынын айтты

29 Қыркүйек 2023, 17:42 3456

Белгілі продюсер, актриса Баян Мақсатқызы «Мархабат» бағдарламасына берген сұхбатында өзінің қандай әже екенін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әже деген сөз ұнамайды, мені олай атамайды. Өте нашар әжемін. Немерелерімді бір айда бір рет көремін. Айсәулеге тек қана қонаққа барамын. Мен уатсаптағы әжемін. Күнде-күнде қызым балалардың не істегенін, қандай сөздер айтқанын бәрін телефоннан жіберіп отырады, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар Баян Мақсатқызының қонаққа баруға жұмыстан қолы босай бермейді екен.

Ана ретінде күнде қызыңа келе беру дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені олар жас отбасы, өздері жеке тұрсын. Тортымды жеп, сорпамды ішіп, беттерінен сүйіп, рахметімді айтып кетіп қаламын. Мен өте-өте жұмысбасты әжемін, - деді продюсер.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: