«Мен мұсылманмын»: Бенземаны көруге 60 мың жанкүйер жиналды

9 Маусым 2023, 13:19 1115

Шабуылшы Карим Бензема Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубына таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

35 жастағы шабуылшыны көруге 60 мыңнан астам жанкүйер жиналған.

Мадридтің «Реалы» сапында Карим 14 жыл бойы өнер көрсетті, соңғы маусымдардың бірінде «Алтын доп» иесі атанды.

Француз футболшысы «Әл-Иттихад» жейдесін киіп, 2022 жылы иеленген «Алтын добын» басына көтерді.

«Король Абдалла Спортс Сити» стадионындағы жанкүйерлер жұлдызды көргенде есі шыққандай болды, - делінген Goal басылымы.

Бензема неліктен Сауд Арабиясы клубын таңдағанын айтты.

Мен мұсылманмын, бұл мұсылман елі, сондықтан осы елде өмір сүргім келетін. Қолымнан не келетінін көрсетуге дайынмын. Бұл лигада танымал есімдер көп, оның ішінде Криштиану Роналду бар. Енді мен қосылдым.

Сауд футболының ықпалы зор екенін көрсету маңызды.

Еуропада жеткен жетістігімді қайталап, «Реалдағыдай» ойын өрнегін көрсеткім келеді, - деді Бензема.

Карим өзінің досы Роналдуды қайта көретініне қуанышты екенін де жеткізді. Португалиялықтың лиганы халықаралық деңгейге бастайтын жаңа дәуір ойыншысы екенін де тілге тиек етті.

Осылайша бір кездері «корольдік» клуб намысын бірге қорғаған Роналду мен Бензема енді бір-біріне қарсылас атанды.

Француз шабуылшысы 200 миллион еуродай алады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: