«Мен – донормын» акциясы аясында 400 адам қан тапсырды

16 Қаңтар, 12:16 960

«Ауыл» партиясының жастар қанаты республика бойынша «Мен – донормын» әлеуметтік акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Акцияның басты мақсаты – миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беріп, қан мен оның компоненттері қорын толтыру. 

Оқи отырыңыз:

Қазір партияның 20 өңірлік филиалынан жүйелі түрде 400-ден астам мүшесі акцияны қолдап орталықтарда қан тапсырып жатыр.


©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА

Астанада «Мен – донормын» акциясы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында ұйымдастырылды. «Ауыл» партиясы «Ауыл жастары» жастар қанатының төрағасы Дәурен Рахымбек бұл игі істі іске асыруға қан тапсыру орталығының септігі тигенін айтады.


©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА

Негізінен қан тапсыру орталығы бізге ұсыныс білдірді. Бүгінде қан жетіспеушілігі бар және өз еркімен қан тапсыратын адамдар аз. Сол себепті біз өзіміз де бастамашыл болып қан тапсырдық. Анализ тапсыру арқылы денсаулығымызды да тегін тексертіп алдық. «Мен – донормын» акциясы бүгін 08:00-14:00-ге дейін жалғасатын болады, – деді Дәурен Берікбайұлы.

Ал Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының Донор кадрларын жинақтау бөлімшесінің дәрігері Меруерт Жәдігер күнделікті елімізге белгілі бір мөлшерде қан қажет деп отыр.


©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА

Елімізде теріс резус-факторлы қан топтары тапшы. Жалпы сол қажеттілікті өтеу үшін ауруханаға күніне 150-200 адам келуі тиіс. Қазіргі таңда күніне бізге шамамен 120-150 адамдай келіп, қан тапсырады. Тіркеушілеріміз донорларды жиі қан тапсыруға шақырып отырады, – деді Меруерт Мәлікқызы.


©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА

Қан тапсыруға келген азамат алдымен донация алдында қан мен оның компоненттерінің көрсетілімдері бойынша тексеруден өтеді. Сол арқылы олар басқа адамның өмірін сақтап қана қоймай, өз денсаулығын да тексерте алады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: