Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Scat әуе компаниясына қатысты басынан өткен жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, Scat әуе компаниясы 1 сағат, 2 сағат, 3 сағат кешігеді. Қайта-қайта қоңырау соқсаң, арғы жағында «мен ештеңе шешпеймін, білмеймін» деп отырады. Енді кіммен сөйлесетінімізді сұрасақ, «сіздер олармен сөйлесе айлмайсыздар» деп жауап береді. Бұл не сұмдық? Бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейттіңіздер ме? - деді Зайытов.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек еліміздегі әуе компаниялардың былықтарынан, заңсыздықтарынан халық шаршағанын айтып, сапасыз қызмет мәселесін көтерді.