Мемлекеттік тілді білгенім үшін «Патриот» төсбелгісін алдым

12 Желтоқсан 2019, 10:03 2627

Анель Пимичева, Қостанай қалалық №20 орта мектебінің 11 класс оқушысы, ҚХА-ның «Ұлы даланың Ұлтаралық тілі» форумына қатысушы:

Түрлі вокалдық конкурстардың лауреаты болдым, домбыра тартамын, шабыттанған кезде қазақ тілінде өлең де жазамын. Маған қазақ тілін алғашқы болып атам үйретіп бастады, қазақ балабақшасына, кейін қазақ мектебіне бардым. Бастапқыда мектепте 3 деген баға алып жүрдім. Кейін намыстанып, өзімді жігерлендіріп, қазақ тілін 5-ке оқуға бар күшімді салдым.

Соның арқасында 2017 жылы қазақ тілінен республикалық олимпиадада 1 орынды иелендім және сол жылы мектебіміздің «Жыл оқушысы - 2017» сайысында жеңімпаз болдым. 2018 жылы мемлекеттік тілді жақсы меңгергенімнің арқасында «Патриот» төс белгісін алдым. Одан бөлек, көптеген республикалық жарыстар мен форумдарға қатысып келемін, сол кезде барлығымен емін-еркін қазақша сөйлесемін. Болашақта қазақтілді журналист болғым келеді.

Нұргүл Қалиева
Бөлісу: