Мемлекеттік тіл – елдің басты рухани байлығы

27 Наурыз 2018, 03:36 1747

2018 жылдың 27 наурызы Достық үйінде «Мемлекеттік тіл – елдің басты рухани байлығы» деген тақырыпта Жамбыл облысы ҚХА кезекті отырысы өтті.

Аталған дөңгелек үстел отырысына Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қожаева, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, Аналар, Ақсакалдар және Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қожаева ашып, жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды:

1. «Мемлекеттік тіл – елдің басты рухани байлығы» тақырыбында (Жұмыс барысы Мемлекеттік тілдің рөлін нығайту туралы)

2. Ұйымдастыру мәселелері (ЭМБ этностардың мәдениет күндерін өткізу және бағалау критерийлері бойынша көрсеткішін анықтау кестелерін бекіту.

Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова Мемлекеттік тілдің рөлін нығайту бойынша баяндама жасады:

«Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында еліміздің болашағын бағдарлайтын үлкен мақсаттарды белгілеп берді.

Жолдауында қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату, терминология мәселелері жақсы қамтылды. Бұл маңызды құжат еліміздің одан әрі ілгерілуіне жол ашары сөзсіз», - деп айтып өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов:

«Облыстық білім басқармасы бастамасымен, мектептер мен колледждердің педагогтары қазақ жазуын латын графикасына көшіру жұмыстарын халық арасында кеңінен насихаттауда.

2018-2019 оқу жылында мектептер мен колледждерде қазақ жазуын латын графикасына көшіруге байланысты үйірмелер жұмыс істейді.

Облыстық білім басқармасы, алдағы уақытта білім мекемелерінде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының» орындалуына басты назар аудара отырып, мемлекеттік тілімізді дамытуға барлық мүмкіндіктерді жасайтын болады»-деп айтып өтті.

Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қожаева дөңгелек үстел отырысын қорытындылады: «Құрметті кеңес мүшелері, бірігіп атқарар жұмыстарымыз ауқымды, алдағы сессия жұмысына үлкен дайындық жүруде, баршаңызды біркісідей атсалысуға шақырамын».

 

 

 

 

 

Бөлісу: