Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушінің жауапкершілігі артады

4 Сәуір, 01:31 690

Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушінің жауапкершілігі артады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, жеткізушілер жалған ақпарат ұсынған жағдайда оларды мемлекеттік сатып алудың адал емес қатысушылары деп тану туралы талапты сотқа бермегені немесе уақтылы бермегені үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте сатып алуды ұйымдастырушыға жауапкершілік қарастырылады. Мұндай құқықбұзушылыққа – 30 АЕК, қайталанған жағдайда – 60 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
 
Сонымен қатар жеткізушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етпей шарт жасасудан жалтарғаны туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін тапсырыс берушінің лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту негіздері толықтырылды. Жаза – 30 АЕК, қайталаған жағдайда – 60 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейді. 

Жеткізушілердің мерзімін өткізіп алғаны және жұмыс сапасының сәйкес келмеуі үшін жауапкершілігін күшейту үшін жеткізушілердің өз міндеттемелерін орындау қажеттілігіне заңнамалық талаптарды белгілеу ұсынылады (қолданыстағы заңның нормасын (43-баптың 24-тармағы) қалпына келтіру). Сондай-ақ қосалқы мердігерлік бойынша жұмыстың рұқсат етілген көлемін 50 пайыздан 30 пайызға дейін қысқарту ұсынылады (қолданыстағы заңның 43-бабының 23-1-тармағы).

Перизат Саденова
Бөлісу: