Мемлекеттік қызмет туралы заң Қазақстан Конституциясына сәйкес емес

6 Наурыз 2023, 19:14 2083

Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының нормасын Конституцияға сәйкес емес деп таныды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Конституциялық Сот азамат Б.Қ.Аргумбаевтың өтінішін қарау қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасын Конституцияның 24-бабының 1-тармағына, 33-бабының 2 және 4-тармақтарына және 39-бабының 1-тармағына сәйкес емес деп таныды. ҚР Үкіметі алты айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасының заңнамасын осы нормативтік қаулыда жазылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының құқықтық позицияларына сәйкес келтіруге бағытталған тиісті заң жобасын енгізуі тиіс", - делінген хабарламада.

Құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады

EL.KZ
Бөлісу: