Мемлекеттік наградалар туралы заңға толықтыру енгізілді

26 Сәуір, 19:10 697

«Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері берілетін болды. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заңына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың  «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» заңына түзетулер енгізілді.

Заңда «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған. Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады,-делінген Ақорда мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: