Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саясат академиясының директоры, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі Нгуен Суан Тханмен бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқосуда Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы жұмыстар туралы айтып берді.
Жиын соңында тараптар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты мен Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саясат академиясы арасындағы ықпалдастықты жалғастыруға келісті.