Мемлекетке қайтарылған активтердің біріне Алматыда мәдениет орталығы салынады

28 Қазан, 10:55 378

Мемлекетке қайтарылған активтер әлеуметтік жобаларға жұмсалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның бас прокуратурасы активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 12 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша 4 келісімге қол қойылғанын мәлімдеді. Солардың бірі — Алматы қаласында заманауи мәдениет орталығын салу жобасы.

Ғимараттың ауданы үш мың шаршы метрден асады және арнайы залдар мен әмбебап көрме алаңдарын, білім беру және демалыс орындарын қамтиды. Нысан іске қосылғаннан кейін жыл сайын халықтың әлеуметтік осал топтарынан келушілерге тегін репетициялар мен шеберлік сабақтары өткізіледі деп күтіледі, — делінген хабарламада.

Тағы бір мысал, Шымкентте мұқтаж отбасыларды одан әрі қамтамасыз ету үшін мемлекет меншігіне өтетін көпқабатты тұрғын үй құрылысы қолға алынбақшы. 

Прокуратураның мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: