Мемлекет жəне қоғам қайраткерінің өмiрi мен қызметiне қатысты мақалалар

28 Тамыз 2014, 09:12

Мемлекет жəне қоғам қайраткерінің өмiрi мен қызметiне қатысты мақалалар

Мемлекет жəне қоғам қайраткерінің өмiрi мен қызметiне қатысты мақалалар өз Отанымызда негізінен, оның 50 жасқа толу мерейтойы қарсаңында жазылып, мерзiмдi БАҚ-та жарияланды. Мəселен, тұлғаға деген ең алғашқы құрмет 1922 жылы 2 тамызда Ташкенттегі Қырғыз-қазақ институтында алты алаштың баласы бас қосқан салтанатты жиында тұңғыш рет көрсетiлген. Зерттеушiлердiң деректерiне сүйенсек, А.Байтұрсынұлының Ташкентке сапарының басты мақсаты – Түрiстандағы екi облыс Жетiсу мен Сырдарияны Қазақстанға қосу болған. Бiрақ сол жылғы Ташкент қаласында шыққан «Ақ жол» газетi бетiндегi «Лайықты қошемет» атты мақалада А.Байтұрсынұлының iс-сапарынан гөрi, оның жеке басына көрсетiлген ықылас, игі тілек туралы жазылғандығы айтылады. Мақаланы 10 қыркүйекте Алматыда шығатын «Тiлшi» газетi қайта көшiрiп басады. Аталған мақалалар жөнінде журналист- ғалым Т.Қожакеев, əдебиет зерттеушiсi Д.Қамзабекұлы 1991 жылы кирилл жазуына түсiрiп, ғылыми ортаға тың дерек əкелді. Əрине, iзденiс барысында бiрлi-жарым кемшiлiктер кездесіп жатады. Мысалы, Т.Қожакеев «Тарихи деректер бұр- маланбасын» (1991) мақаласында Д.Қамзабекұлының «Соц- иалистiк Қазақстан» газетiнiң 12 қаңтардағы «Лайықты қошемет» мақаласының қайта жарияланымдағы кеткен қате- лiктерге ескерту жасады. Атап айтсақ, материалдың орынсыз қысқартылуы, мақала соңындағы «А.Ж.» белгiсiнiң автор ре- тiнде  дұрыс  көрсетiлмеуi.  Ескерту  еленіп,  Д.Қамзабекұлы «Қазақ  əдебиетi»  апталығына  «Ақаңның  алдында»  (1996), «А.Байтұрсынұлының Ташкентке сапары» зерттеу мақалала рын жазды. Соңғы мақаласы жан-жақты талданып, 1997 жылы жарық көрген «Руханият» атты ғылыми зерттеуіне енді. Мемлекеттік мұрағаттарда сарғайған деректерді сұрыптауда аса сақтық пен табанды ыждаһаттылықты басты нысанада ұстаған жөн. Мəселен, осы «Лайықты қошемет» атты мақаланы ғалым еңбектерiнің қатарына жатқызып жүр. Нақтырақ айтсақ, 2001 жылы «Ұлы тұлғалар» сериясымен шыққан «Ұлттың ұлы ұстазы» библиографиялық-анықтамалықтағы мəлімет. Жинақ Орталық ғылыми кiтапхананың дайындауымен басылған.  Кітаптың  250-бетiнде:  «96-реттiк  нөмiрде,  яғни «Лайықты қошемет // Тiлшi. – 1922. 10 қыркүйек. Ташкенттегi қазақтарды көшiрiп əкелу» деген көрсеткiшпен ғалым еңбектерiнiң тiзiмiне енген. Бұл жаңсақтық. Өйткенi, кiтаптың 190-бетiнде: «А.Байтұрсынұлының өмiрi мен еңбектерi туралы əдебиеттер» қосымшасының 362-реттiк нөмiрінде: «Лайықты қошемет // Социалистiк Қазақстан. -1991. 12 қаңтар. Бұдан 68 жыл бұрын. Материалды газетке əзiрлеген Д.Қамзабекұлы» деген мəлiмет бередi. Демек, қос материалдың аты айтып тұрғандай жəне басылым көру мерзiмiнiң бiркелкілiгi, оның түрлi авторға тəн еместiгiн айғақтайды.

"Ел - шежіре"

Бөлісу: